«Classic Kindergarten»

Құрметті ата-аналар!

Біз 3 пен 7 жас аралығында балаларға үнемі қабылдау жүргіземіз. Қабылдау туралы өтінішті толтырыңыз, біз Сізбен хабарласамыз!
балабақшасына қабылдану
Кезекші топ: 19.00 – 21.00
Жұмыс уақыты: 08.00 – 19.00 Дүйсенбі – Жұма
Балаларды қабылдау келесі кезеңдер бойынша
Сізді және сіздің балаңызды балабақшамен таныстырамыз. Егер сайтта ақпарат жеткіліксіз болса, біз сізді экскурсияға жаза аламыз.
01 кезең
Сізді балаңызбен балабақшаның мамандары психолог, логопедпен сұхбаттасуға шақырамыз.

Сұрақтар мен тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылады.

Қорытынды бойынша, баланың біздің балабақшаға баруға дайындығы туралы шешім қабылдаймыз.
02 кезең
Алдын-ала төлем ақы өткізіліп, екі жақты келісім- шарт жасалынады, бала тиісті жас тобына қабылданады.
03 кезең
Қабылдануға қажетті құжаттар
— Денсаулық паспорты

— Екпе картасы

— Эпид.айналасы туралы анықтама

— № 63, № 26 формалар

— Энтеробиозға арналған талдау (3 реттік)

— Баланың туу туралы куәлігінің 2 дана көшірмесі

— Заңды өкілдерінің жеке бас куәліктерінің көшірмесі

— Сенімхат бойынша баланы әкелуге және алуға уәкілетті адамдардың жеке куәлігінің көшірмесі 1 дана

— Заңды өкілдің нотариалды куәландырылған сенімхаты (баланы әкелуге және алуға уәкілетті сенім білдірілген адамға)
Баланың балабақшаға қабылдануы үшін жасына сай дағдылары
Әлеуметтік дағдылар:

Ойыншықтармен ойнағанды ұнатады, әрекеттер тізбегімен қарапайым сюжеттеpді ойнай алады. Өз бетімен жуынуды, тістерін жууды, дәретханаға баруды, ұйқыдан кейін киінеді. Үлкендердің өтініштерін оңай орындайды. Қатарластарымен ойнайды, жұптық ойындарға да оңай қосыла алады. Үй ішінде атқаруға мүмкіндігі жететін әрекетерді өзі орындауға ынталанады.
Таным дағдылары:

Өзінің аты-жөнін, жасын, жынысын біледі. «Аз-көп», «үлкен-кішкентай», «жоғары-төмен» секілді ұғымдарды ажырата алады . «Ыдыс-аяқ, киім, ойыншықтар» деген жалпылама сөздерді біледі. Жасына сәйкес келетін өлең жолдарын бірнеше рет қайталаулардан кейін жаттап алады. 3 жастан бастап сөздік қорының кеңеюі байқалып, шамамен 1500 сөзді біледі. Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айта алады. Қарындаш, қылқаламды дұрыс ұстайды; көлденең, тік, дөңгелек сызықтарды сызады. Әртүрлі пішіндерді сала алады.
Оқу дағдылары:

Қызыл, көк, жасыл, сары түстердің атауларын қатесіз айта алады, түстерді ажыратады. 5 санына дейін шатастырмай санайды, тиісті сан мөлшерін саусағымен көрсетеді. Геометриялық пішіндердің атауын айта алады, оларды ажырата біледі. Көрсетілген белгілі заттардың сұлбасын сала алады (егер сурет сала алмаса, крестті, түзу сызықтарды қайталайды).
Әлеуметтік дағдылар:

Әртүрлі сюжеттік ойындарды кеңінен қолданады. Бала қатарластарымен бірге топтық, жұптық ойындарды ойнай алады. Қарапайым тапсырмаларға орындай алады (гүлдерді суару , үстелге қажетті жабдықтарды қою, шаң сүрту). Серуенге бару үшін өзбетінше киініп, келген соң шешіне алады.
Таным дағдылары:

Өзінің аты мен тегін, жасын, жынысын, өзі тұратын қаланың атауын, туған күнін біледі. Төрт жолдан тұратын өлең жолдарын жаттай алады. Кеңістікке бейімделіп, «жоғарыда», «төменде», «қасыңда», «қарама-қарсы» , «астында», «ішінде», «үстінде» деген сөздердің мағынасын түсініп, сезінеді. Сұлбасын, суретін сала алатын заттардың саны артады. Бір монотонды суреттерден гөрі сюжеттік суреттер сала бастайды. Дыбыстардың артикуляциясын айту барысындағы барлық тілдік кедергілерден арылады. Сөздік қорында етістік, үстеу, есім сөздер саны артады. 6-8 сөзден тұратын сөйлемдер құрастыра бастайды.
Оқу дағдылары:

Қағаздан аппликация бөлшектерін қиып, оларды желіммен жабыстыра алады. Қарапайым пішіндерді ермексазбен мүсіндей алады. 10 санына дейін шатастырмай санайды, әрі тиісті сан мөлшерін саусағымен көрсете біледі. Қағаздағы сызықтарды, кесінділерді қарындашпен дәл, анық сызып, пішіндерді түзу сызықтармен штрихтай алады.
Әлеуметтік дағдылар:

Домино, дойбы, лото секілді өзіндік ережелермен ойнайтын үстел ойындары қол жетімді болады. Өзіне мұғалім рөлін қабылдай отырып, мектеп ойынын ойнай алады. Балалармен бірлескен ойынға оңай қосылады, қатарластарымен бірлескен іс-қимыл туралы келісе алады, ересектердің кез-келген қызметті ұйымдастырудағы берген нұсқауларын жақсы түсінеді. Ата-анасының қатысуымен бейтаныс адамдардың сұрақтарына жауап бере алады.
Таным дағдылары:

Өзінің аты мен тегін, жасын, өзі тұратын қаланың атауын , ата-анасының есімдері мен олардың атқаратын қызметін біледі. Кеңістікке бейімделіп (оң және сол ), мезгілді (таң, түс, кеш, кеше, ертең) түсініп, сезінеді. Ағымдағы айдың атауын, апта күндері мен жыл мезгілдерінің реттілігін біледі. Жиһаз, киім, көкөністер/жемістер, үй/жабайы жануарлар, тұрмыстық техника, ойыншықтар секілді жалпылама атауларды біледі. Сөйлеу барысында заттарды салыстыру мақсатында сын есімдерді, антонимдерді қолданады. Сөздердегі дыбыстарды ажырата біліп, әріптерден сөз құрастыра бастайды.
Оқу дағдылары:

10 саны аралығында тура және кері санайды, қарапайым тапсырмалар мен логикалық тапсырмалады шеше алады. Алға, артқа, оң ,сол, жоғары, төмен секілді бағыт- бағдар атауларын біліп оны анықтай алады. «Қанша?», «Қайсысы ?», «Нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап береді. Шаршы, тіктөртбұрыш, шеңбер, үшбұрыш, трапеция, ромб, текше, шар, цилиндр, пирамида сияқты геометриялық пішіндерді біледі.
Біздің балабақшада Мектепке дейінгі тәрбие, оқыту және күтіп-ұстау үшін ұсынылған орын мен қызметтердің құны
220.000 ₸
Екі жақты келісім шартқа отырған сәттен бастап бір айлық қызмет құны мөлшерінде қайтарымды депозит енгізіледі. Келісім шарт тоқталып, екінші тарап қарыз болмаған жағдайда ғана депозит құны толықтай қайтарылады.

Біз келісім шарт бойынша ай сайынғы төленетін қызмет құнынан өзге жарналар мен басқа да себепсіз төлемдер үшін ақы жинайтын саясатты ұстанбаймыз.
Біз 3 жастан 6 жасқа дейінгі Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржыландырудың қатысушысымыз.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жолдама алған кезде қызметтердің құны жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру сомасына төмендетіледі.
Балабақша құнына ұсынылған орын мен мектепке дейінгі тәрбие қызметтерінен басқа да бағдарламалар кіреді:
— Тілдік ортаға енгізу бағдарламасы;

— Психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету;

— Логопедиялық қызмет көрсету;

— Хореография;

— Арт- крафт;

— Тұзды бөлме;

— Бэби-йога;

— Жекпе-жек өнері;

— Жүзу.